Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Балаларына беретін ақшаны құмар ойынына тіккен бір топ азамат анықталды

Өз балаларына 350 млн теңге қарыз астаналықтар құмар ойынын ойнап жүрген, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Осыған байланысты елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салды. 

Арнайы зерттеу нәтижесінде 150 борышкердің өз балаларына 350 млн теңге қарыз бола отырып, құмар ойындарға қатысқаны анықталды. Алимент қарызы биыл 2,5 млн теңгені құраған борышкерлердің бірі букмекерлік кеңсе арқылы 80 млн теңге жеке айналыммен құмар ойындарға қатысқан.

«Ойын бизнесі туралы» жаңа заңға сәйкес, елорда прокуратурасы ойын бизнесінің ұйымдастырушыларына борышкерлерді құмар ойындарға қатыстырмауға шақырды. Заңнамалық талаптарды сақтамаған жағдайда айыппұл салу, ал қайталанған бұзушылықтар үшін — лицензияның күшін тоқтату түрінде жаза қарастырылған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев әскеріміздің сапында өз ісінің нағыз кәсіби мамандары қызмет ететінін жеткізді

redaktor_qazyr

Ауғанстанда барлық сұлулық салондары жабылады

redaktor_qazyr

Ұл баланы неге сүндетке отырғызады?Тарихи шолу мен деректер

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz