Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратСаясат

Президент Тоқаев әскеріміздің сапында өз ісінің нағыз кәсіби мамандары қызмет ететінін жеткізді

QAZYR.KZ:
Президенттің айтуынша, Қазақстанның әскери қызметшілері БҰҰ аясындағы түрлі халықаралық миссияларға қатысып, бітімгерлік борыштарын табысты атқарып келеді. Биыл олар өз міндеттерін Голан жоталарында алғаш рет дербес орындауға кірісті. Бұл әскеріміздің дайындық деңгейінің жоғары екенін және еліміздің әлемдік аренадағы беделінің өсіп келе жатқанын анық көрсетеді.

– Халқымыз ержүрек жауынгерлерін қадір тұтқан, оларға құрмет көрсеткен. Мен Ұлттық құрылтайдың Атыраудағы отырысында Талдықорған қаласындағы әскери авиабазаға жерлесіміз, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің атын беру туралы тапсырма бердім. Алматылық даңқты ұшқыштың өнегелі өмірі ұрпаққа әрдайым үлгі болуы керек. Мұндай бастама ұлттық әскеріміздің беделін арттыра түсетіні сөзсіз. Ел үшін жасалған ерлік ешқашан ұмытылмайды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент әскери қызметшілердің ержүрек батырлар мен даңқты бабалардың жолын абыроймен жалғастырып келе жатқанын айтып, олардың Отан алдындағы қызметтеріне табыс тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

ІІМ шетелдегі қазақстандықтарды алаяқтыққа алданып қалмауға шақырды

redaktor_qazyr

Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономиканы әр тараптандыру мен халықтың тұрмысын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырады

admin_qazyr

Қазақстанда алтын құймаларына сұраныс күрт артты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz