Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясындағы мердігер компанияның жұмысына көңілі толмады. Оның айтуынша, Bazis-A компаниясы мерзімді сақтамай, әкімдікті қиын жағдайға қалдырып отыр,- деп хабарлайды Qazyr.kz
«Біз сіздерге сендік, ал сіздер сенімді ақтамадыңыздар. Алматыда тоғыз мектептің құрылысын алдыңыздар, бірақ бәрінде проблема бар. Жұмысты тапсырыңыздар. Өйткені бұлай жалғаса беруге болмайды. Мұнда балалар оқиды және бюджет қаржысын да ескеру керек», – деді Сатыбалды.
Әкім мектеп құрылысын тамызға дейін аяқтауды талап етті, себебі қыркүйекте оқушылар оқу жылының алғашқы күнін жаңа мектептерде бастауы тиіс. Өз кезегінде кәсіпкер белгіленген мерзімге дейін жұмысты бітіруге уәде берді.