Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазірҚоғам

Бейбіт Исабаев облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне арнайы барды. Онда облыстық БАҚ өкілдерімен кездесіп, «Jetisy» телеарнасының студиясында арнайы сұхбат берді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында облыс басшысы жергілікті журналистермен тілдесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сол сияқты облыстық БАҚ-тардың материалдық-техникалық базасымен танысты. Ақпарат құралдары қызметкерлерінің аймақты дамытудағы рөлін атап өткен өңір басшысы бұл салаға тұрақты қолдау көрсетілетінін айтты.

Еске салсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша белсенді ақпараттық жұмысы үшін «Jetisy» телеарнасы «Үздік мекеме» атанып, жаңа студия сыйға тартылған болатын. Оған қоса, облыс басшылығының қолдауымен биылғы жылдың басынан облыстық БАҚ қызметкерлерінің жалақысы 30 % өскен еді. Ал бүгінгі кездесу барысында «Jetisy» және «Вестник Жетісу» газеттеріне ортақ қолданысқа шағын автобус сатып алып беру туралы шешім қабылданды.

Журналистермен жүздесуде облыс әкімі Бейбіт Исабаев аймақтың негізгі даму бағыттары жайлы қысқаша айтып берді.

Кездесуден кейін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылғы қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы телеарна студиясында облыстық БАҚ жетекшілеріне кеңінен сұхбат берді.

Осы ретте облыс әкімінің сұхбаты «Jetisy» телеарнасынан жексенбі, яғни 16 ақпан күні сағат 20.00-да эфирге берілетініне еске саламыз. Ал 17 ақпанда сағат 19.00-де сұхбат телеарна эфирінен қайталап көрсетіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қостанай облысының оңтүстігінде су тасқынынан зардап шеккен халық үйлеріне оралуда

redaktor_qazyr

Ақтөбеде өзінің ішкі ағзаларын 9 миллионға сатпақшы болған ер адам ұсталды  

redaktor_qazyr

Трамп Канада, Мексика және Қытай импортына баж салығын енгізді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz