-3.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Бектенов пен Мишустин Астанада экомикалық ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамыту жөнінде келіссөз жүргізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді деп хабарлайды Qazyr.kz,

Келіссөз барысында Қазақстан мен Ресей  арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жолдары айтылып, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік өнеркәсібі және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылдың 11 айында өзара сауда көлемі $24,2 млрд-қа жетті. Екі мемлекет басшылары арасындағы тауар айналымын $30 млрд-қа дейін жеткізу жөніндегі уағдаластықтарына қол жеткізу мақсатында тасымалданатын тауарлар аталымын кеңейту маңызды. Экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асырудың оң нәтижелері атап өтіліп, алдағы кезеңге жаңартылған бағдарламаны әзірлеу қажеттігі нақтыланды.

2024 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 5%-ға өсіп, $3,2 млрд-тан асты.

Өнеркәсіп кооперациясы саласында бүгінгі таңда екі ел арасында жалпы құны $18,6 млрд.болатын 99 жоба іске асырылды. Одан бөлек Қазақстанда жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары айтылды.

Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау жоғары қарқынмен дамып келеді. Осыған байланысты автокөлік және теміржол инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ су көлігі саласында жаңа баламалы бағыттар ашуға көңіл бөлінуде.

«Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты ынтымақтастығымыз сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Маңызды міндет – жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Үкіметі тығыз өзара іс-қимыл жасауға және барлық салада ынтымақтастықты дамытуға дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз. Біздің қарым-қатынасымыз достық, тату көршілік, өзара сыйластық және бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттарына негізделген. Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қарым-қатынастарымызды одан әрі дамыту жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Екі ел үкіметтерінің міндеті — көшбасшыларымыз қол жеткізген келісімдердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету», — деді Михаил Мишустин.

Екі тарап стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуды және экономиканың барлық салалары бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруды уағдаласты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ауылға жұмысқа орналасқан жас дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көтермеақы беріледі

redaktor_qazyr

«Директор қылмысты жасыруға тырысты»: Дәретханада көз жұмған оқушының туыстары тергеудің әділ өтуін сұрайды

redaktor_qazyr

Арыста 30-шы қазан күні ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz