Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Қазақстанда 23 мыңнан астам Ресейлік үлесі бар компания жұмыс істейді

Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық әріптестік жыл сайын нығайып келеді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуі барысында мәлімдеді.

Үкімет басшысының айтуынша, соңғы 20 жылда Ресей инвесторлары Қазақстанға 25,2 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция салған. Ал Қазақстандық компаниялар осы кезеңде Ресей экономикасына 8,7 млрд доллар инвестиция құйған.

2023 жылдың алғашқы 9 айында ғана Қазақстанға бағытталған ресейлік инвестициялар көлемі 43,7%-ға өсіп, 2,8 млрд долларға жетті. Бұл көрсеткіш екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың қарқын алып келе жатқанын көрсетеді.

Қазақстанда 23 мыңнан астам ресейлік үлесі бар компания бар

Бектеновтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 23 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Бұл – шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың шамамен 40%-ын құрайды.

«Біз жаңа өндірістер құруға мүдделіміз. Ресейлік компанияларға Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысуды ұсынамыз», – деді Үкімет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Көлікті қалай жүргізіп үйренуге болады?

redaktor_qazyr

Гаити еліндегі балшықтан әзірленетін шелпектер.

redaktor_qazyr

Әр отбасы бақылауда: Алматыда жаңа әлеуметтік модель қалыптасуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz