Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарСпорт

Бекзат Саттарханов көзі тірі болғанда биыл 45 жасқа толар еді

Түркістанда бокстан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл толуына орай 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық ашық турнир басталды деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жарыстың ашылу салтанатына даңқты боксшының анасы Сырлыгүл Шойбекова, Бекзат Саттархыновтың алғашқы бапкері Нұрлан Жұмабаев және қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысты. Турнир жақында ғана пайдалануға берілген «Бекзат Саттарханов» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Бокс Турниріне  Өзбекстан мен  Қырғызстаннан  және еліміздің барлық аймағынан 200-ден аса  спортшы қатысып, бақ сынауда. Бекзат Саттарханов көзі тірі болғанда биыл 45 жасқа толар еді. Әлемдік бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған батыр ұлды халық жадында мәңгі сақтау үшін жыл сайын сәуір айында халықаралық турнир өткізіледі. Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир 13-ші ақпанға дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов: Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды қысқарту қажет.

admin_qazyr

Шымкентте балаларына ит-мысықтың етін ас ретінде берген,өгей әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

redaktor_qazyr

Жетісу облысында жаңа қант зауытын салу туралы инвесторлармен келісім жасалуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz