Qazyr.kz порталы
Басты ақпарат

Алматыда белсенді Марат Тұрымбетовты полиция үйінен ұстап алып кетті

«Алматыда белсенді Марат Тұрымбетовты полиция үйінен ұстап алып кетті»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ , MASA.MEDIA— ға сілтеп.

22 қыркүйекте полиция белсендіні үйінің алдынан ұстап, Түркісіб ауданының полиция басқармасына алып барған.

– Қазір Түрксіб ауданында отырмын. Хаттама толтырайын деп жатыр. Онлайн сот өтетін шығар, – деді Тұрымбетов.

Марат Тұрымбетовтің сөзінше, өзіне 19 қыркүйекте «Әуежайды басып алу ісі» бойынша төрт жылға сотталған белсенді Айгерім Тілеужанның апелляциялық сотында «митинг ұйымдастырды» деген айып тағуы мүмкін.

19 қыркүйекте Қаңтар оқиғасы кезінде «Әуежайды басып алу ісі бойынша» сотталғандардың апелляциялық соты даумен басталған. Процеске қатысу үшін Алматы қалалық сотына келген адамдар саны көбейген кезде сот онлайн режимде өтетіні хабарланып, сотталушылардың туыстары, адвокаттары мен белсенділер наразылық білдірген.

Полиция белсенділердің ұсталуына қатысты түсініктеме бермеді.

Ұқсас жаңалықтар

Бекболат Тілеуханның қарғысына қалған журналист Серік Боқан қайтыс болды

redaktor_qazyr

Шағыр ауылында ұлттық спорт түрінен сайыс өтті

redaktor_qazyr

Астана қаласында 3-7 қыркүйек халықаралық шабандоздар бәйгесі өтеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz