Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Егер адам қайтыс болса,несиесін кім төлейді?

Егер адам қайтыс болса,оның алған несиесін кім төлейді?

«ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ НЕСИЕСІН КІМ ТӨЛЕЙДІ? БҰЛ СҰРАҚҚА ЗАҢГЕР БЕРДІМҰРАТ ХАСЕНҰЛЫ ЖАУАП БЕРДІ. ЗАҢНАМА БОЙЫНША АДАМНЫҢ МҰРАСЫ 6 АЙДАН КЕЙІН АШЫЛАДЫ»(Sn.kz)

6 айдан кейін қайтыс болған адамны мұрасы болса, мұрагерлерінің арасында мүлкі бөлінеді. Осы мүлік бөлінген кезде қайтыс болған адамның берешегі банк немесе микроқаржылық ұйым сол мұрагарлерінен талап етеді. Ол заңнама бойынша дұрыс. Бірақ қайтыс болған адамның басында мүлік, ешқандай мұра болмаса, мұрагерлері ешқандай игілік алмаса, материалды онда банк олардан талап етуге құқылы емес. Банк берешекті өзі жабуы керек. Адамның қайтыс болуына байланысты кредиттік шарт тоқтатылады, дейді заңгер.

Яғни қарыз бен несие де мұра болып саналады. Бірақ ескере кететін бір жайт: мұраны алу не алмауды адамның өзі шешеді. Егер адам мұрагерліктен бас тартса, онда қарызды да төлемейді.

Ал егер адам мұрадан бас тартпай, оны алса, қолға тиген мұраның құнынан аспайтын соманы ғана төлейді. Яғни қайтыс болған адамның қарызы 1 миллион, ал мұрасы 500 мың болса, тек жарты сома өтеледі.Кейде қарызды сақтандыру компаниясы мойнына алады.

Ұқсас жаңалықтар

Юлия Галышева әлем кубогында Қазақстанға қола медаль әкелді

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

admin_qazyr

Олжас Бектенов Polpharma Group өкілі Ежи Старакпен кездесті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz