Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірСаясат

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Qazyr.kz.

Берік Уәли бұған дейін Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған Ақорданың хабарламасында.

Берік Уәли 1977 жылы Семейде дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 1997 жылы «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.

1998-1999 жылдары – «НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының шығарушы редакторы.

2000-2007 жылдары – «31 канал» телерадиокомпаниясында» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, «Еркін сөз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Дода» саяси ток-шоуының бас редакторы әрі жүргізушісі.

2007-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ  Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар қызметінің тілшісі, «Бетпе-бет» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі.

2009-2012 жылдары – «Нұр Отан» партиясы «Нұр-Медиа» ЖШС Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының басшысы.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің жетекшісі, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – «Нұр-Отан» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2017-2018 жылдары – «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «1-студия» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2022-2023 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

2023 жылғы 12 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Ол — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2011), «Парасат» (2024), «Құрмет» (2019) ордендерінің, ҚР Президенті Алғысының (2021), ҚР Президенті Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісінің (2022) және 5 мерекелік медаль иегері.

Ұқсас жаңалықтар

Мағжан Жұмабаев — Жазды күні қалада

redaktor_qazyr

Аққұм ауыл мұғалімдері интернетті қолдану үшін жол шетінде отыруға мәжбүр

redaktor_qazyr

Монтайтас пен Шағыр ауылдарына көгілдір отын қашан келеді?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz