Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Бесқарағай ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Абай облысы, Бесқарағай ауданының Глуховка ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді, деп хабарлайды Qazyr.kz

Ашылу салтанатына өңірге жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, мемлекеттік органдар мен өрт сөндіру қызметінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Министр өз сөзінде елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде осындай инфрақұрылымдардың маңызы зор екенін атап өтті.

Глуховка ауылындағы жаңа бекет заманауи техникамен жабдықталып, кәсіби мамандармен жасақталған. Мұнда 6 өрт сөндіруші мен 1 арнайы техника қызмет етеді.

Бекет 581 тұрғын үйді, 2 мектепті, 4 медициналық пунктті, 15 дүкен мен 25 шаруа қожалығын тілсіз жаудан қорғауға арналған. Бұл нысан төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және тұрғындарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында оқушы қыз,өз әкесінен жүкті болып қалған

redaktor_qazyr

Президент әкімшілігінде жаңа тағайындаулар:

admin_qazyr

Олжас Бектенов ТМД Үкімет басшыларының кеңесіне қатысты: Негізгі бағыттар мен бастамалар

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz