Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Бірінші курс студенттері қыркүйекте шәкіртақы алмайды

«Қаржы орталығы» АҚ қазақстандық студенттердің шәкіртақысына қатысты маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Ведомство 2024-2025 оқу жылының бірінші семестрінің бірінші курсында білім алушыларға биылғы қыркүйек үшін мемлекеттік шәкіртақы төлеу қазан айында жүзеге асырылатынан жеткізді.

«Сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айына шәкіртақы қазан айының соңында (қыркүйек-қазан) екі айға бірден төленетінін хабарлаймыз. Төлемдер айдың аяғында жүзеге асырылады. Ауысып жатқан курс студенттерінің контингентіне қыркүйекке мемлекеттік шәкіртақы төлеу ЖЖОКБҰ ұсынған есептерге сәйкес жүзеге асырылады. Яғни шәкіртақы қыркүйектің соңына дейін түседі», – деді «Қаржы орталығы» АҚ.

Ұқсас жаңалықтар

Депутат Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды

redaktor_qazyr

Түркістанда жүзеге асатын жаңа құрылыс нысандарының сәулеттік жобалары талқыланды

redaktor_qazyr

БАӘ компаниясы Қонаевта қант зауытын салуды жоспарлап отыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz