Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Шымкент полиция департаментінің басшысы ауысты

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Нұрлан Сейсетайұлы Алмасбеков тағайындалды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. 

Нұрлан Алмасбеков бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Алматы полиция департаментінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Нұрлан Алмасбеков 1967 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Ол Ю.В.Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси училищесінің курсанты болған. Алмасбеков Алматы қаласының құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істеді. Әр жылдары Алматы қаласы ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, қалалық ІІД Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары, Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Испания үкіметі Қазақстанның батысындағы «Көкжиде» жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

admin_qazyr

Жетісу облысында 35 643 жұмыс орны құрылды

admin_qazyr

Полиция 80-нен астам тұрғынды алдап, 337 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz