Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазір

Биыл кәсіптік-техникалық колледждерде сұранысқа ие мамандықтар тегін оқытылатын болады

2025 жылдан бастап Қазақстандағы  кәсіптік-техникалық колледждер мемлекетке қажетті сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9 сынып түлектерін тегін оқытатын болады. Бұл туралы Qazyr.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде кәсіптік-техникалық білім беретін 772 колледж бар, онда 565 мың студент білім алуда. Еңбек нарығын сұранысқа ие мамандармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет 9 сынып түлектеріне тегін білім алу мүмкіндігін тудырып отыр.

Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артып отыр. Мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бағытталатын болады.

«Негізгі мақсат – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім беру мекемелерін заманауи материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз ету, педагогтердің біліктілігін арттыру. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, бұл мемлекеттік тапсырыстың көлемін ұлғайтуды, білім беру бағдарламаларына үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуді, кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуді қамтиды. Сондай-ақ кәсіпорындар үшін дуальді оқыту жүйесін дамыту және мамандарды даярлау мақсатында бизнес құрылымдары мен инвесторларды тарту жоспарлануда», — деді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте балаларына ит-мысықтың етін ас ретінде берген,өгей әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қытай TikTok әлеуметтік желісін Илон Маскқа сатуы мүмкін – Bloomberg

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz