Qazyr.kz
ӘмбебапБасты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазір

Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 50% өседі

​​Жаңа оқу жылында қазақстандық колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өседі.Бұны Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты деп хабарлайды Qazyr.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес студенттердің шәкіртақысы жоспарлы түрде өсірілуде. Өткен жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өскен болатын, ал биылғы қыркүйекте енді 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы тағы 50%-ға артады.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырыс көлемі де жыл сайын өсуде. Бүгінгі күні 145 мың грант бөлінген болса, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған.

Колледждердің материалдық-техникалық базасы да қарқынды түрде жаңаруда. 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 104 колледждің білім беру инфрақұрылымы жақсартылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есеге жоғары.

Сондай-ақ, 2103 орынға арналған 8 жатақхананың құрылысы жүруде.
Атап өтейік, бүгінде Павлодар және Түркістан облыстарында жалпы саны 259 орындық екі жатақхана пайдалануға берілді.»,-делінген мәлімдемесінде.

Ұқсас жаңалықтар

Даналық сөздер

redaktor_qazyr

Бұқар жырау

Redaktor Site

Жапонияның құпия ядролық қаруы

redaktor_qazyr

Пікір жазу