Qazyr.kz
Басты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазірҚоғам

Биыл мектептепде алғашқы қоңырау жексенбі күні соғылады

Биыл 2024-2025 оқу жылында алғашқы қоңырау жексенбі күні өтеді.Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты деп хабарлайды Qazyr.kz.

“Министрдің сөзінше, 1 қыркүйек – дәстүр бойынша атаулы күн, сондықтан мереке, барлық балалардың жиыны, әдеттегідей, бола береді.”,-деді ол.

Оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады. Оқу тоқсандары мен демалыстардың ұзақтығы келесідей болады:

I тоқсан: 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан 3 қарашаға дейін).

II тоқсан: 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін).

III тоқсан: 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз).

IV тоқсан: 8 оқу аптасы. Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс — 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпан).

Ұқсас жаңалықтар

Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

redaktor_qazyr

Қашан қалар

Redaktor Site

Мұхтар Шаханов

Redaktor Site

Пікір жазу