Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірҚоғам

Биыл мектептерде соңғы қоңырау болмайды,24 мамыр барлық мектепте сынып сағаты ұйымдастырылады.

Биыл мектептерде соңғы қоңырау болмайды. Оның орнына барлық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді.Бұл туралы Qazyr.kz порталы ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеп хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы — түлектер.

Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады.

«Су тасқынынан болған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды», – деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.

Айта кетейік, 9-11-сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде су құбыры жарылып, жүздеген тұрғын сусыз қалды

redaktor_qazyr

Аймақтағы су тасқыны бойынша соңғы ақпарат

redaktor_qazyr

Ертең Шымкент қаласындағы Тұран,Абай,Еңбекші аудандарында жарық уақытша өшіріледі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz