Атырау қаласындағы «Құспан Молда» мешітінің қызметкерлері имам Эммат Ғұмаровтың үстінен арызданып, журналист Ораз Әлімбекке хат жазған, деп хабарлайды Qazyr.kz Skifnews.kz порталына сілтеп.
«Атырау жамағаты маған арыз жазыпты… «БОДИ МАССАЖ ЖАСАТАДЫ»: АТЫРАУ
Төмендегі арызда айтылған айыптаудың рас яки өтірігін білмедім. Мүфтият қалай да ЛАМНЫЙ жамағаттың жанайқайына назар аударып, осы арыз бойынша тексеру жүргізуі тиіс. Себебі, мешіт имамын тағайындау Бас мүфтидің бұйрығы бойынша жүзеге асады. Ал менің қолымда тұрған не бар?!. Мен Ақиқат пен Әділдік іздеген жалаңаяқ журналистің бірімін ғой.
«Құрметті Ораз Әлімбеков мырза!
Біз Атырау қаласы, «Құспан Молда» мешітінің жамағаты мешіт имамы Эммат Ғұмаровтын РАУ үстінен бас мүфти Наурызбай Өтпеновке қаншама рет арыздансақ та, осы уақытқа дейін оған байланысты ешқандай шара қолданылған емес. Себебі Эммат Ғұмаров өзіне лайықсыз, бірақ асыл дініміз арқылы пайда табатын мешіт мінберін сақтап қалу үшін мүфтият басшылығына Атыраудың бекіресімен қара уылдырығын ай сайын жіберіп тұрады.
Одан қалса атыраулық кәсіпкерлер мен меценаттардың арқасында әбден байыды, соның арқасында үйір-үйір жылқысы, жүздеген түйе мен сиыр-қойы бар. Сонымен қатар Эммат Ғұмаров ҚұрандыТЫРАУ тәжуид бойынша қате оқиды, діни білімі өте нашар.
Өзі құдды бір имам емес, театрда қызмет жасайтын сайқымазақ секілді үнемі былапыт-көргенсіз анекдоттар айтады.
Сіз дәстүрлі дінімізді жемқор және аморальды имамдардан мейлінше қорғап жүрген Қазақстандағы жалғыз журналистсіз, осы жанайқаймызды дүйім халыққа жариялауыңызды өтінеміз.»-делінген журналистке жазған хатта.