Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Алматыда Абай даңғылы ұзартылды

Алматы қаласында ірі жол-көлік жобасының кезекті кезеңі аяқталды – Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі соңғы учаскесінде көлік қозғалысы ашылды деп хабарлайды Qazyr.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі учаскесі ашылды. Строительная көшесінен қала шекарасына дейінгі жол бөлігінде негізгі жұмыстар аяқталды.

Жаңа учаскенің ұзындығы – 600 метр. Қазіргі уақытта екі жақтан тротуарлар мен веложолақтар төсеу, қосымша жол айрықтарын салу және айнала аумақты көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Бауыржан Момышұлы көшесінен басталатын жолдың жалпы ұзындығы – 5,3 шақырым.

«Заманауи алты жолақты автожол, Қарғалы өзенінің үстінен көпір, Ашимов көшесімен қиылысатын тұста көлік айрығы, алты жер үсті жаяу жүргінші өткелі және төрт бағдаршам нысаны салынды», – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Бұдан бөлек, Мөңке би көшесін жалғастыру жұмыстары аяқталды, сондай-ақ Рысқұлов даңғылы мен Саин, Солтүстік айналма және Тілендиев көшелерінің жалғасын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықты әшкерелегендер қомақты сыйақы алды

Redaktor Site

«Төрт әйелі мен зәулім үйі бар»Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан ер адамға айыппұл салынды

redaktor_qazyr

«Мектептегі жемқорлық» Қашан жастар ақша бермей жұмысқа тұрады? — Жас маман министрдің бетіне айтты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz