Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Черногорияда Дина Таңсәріні экстрадициялау бойынша сот өтеді

Черногорияда «Не молчи» қорының негізін қалаушы Динара Смаилованы экстрадициялау бойынша сот өтеді, деп хабарлайды Qazyr.kz

«Динара Смаилованы экстрадициялау бойынша сот отырысы 5 маусымда Астана уақытымен түскі сағат 12:00-де өтеді», — деді қазақстандық құқық қорғаушылар.

15 сәуірде Черногорияда Смаиловаға бұлтартпау шарасын таңдау бойынша сот отырысы өтті. Сол кезде ол бір түнге қамауға алынып, таңертең босатылды. Сот оны қамауға алудан бас тартты.

Динара Смайылованың адвокаты сот экстрадициялау туралы шешім шығарса, онда заң бойынша апелляциялық шағым түсіруге болатынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Динара Смайылованың (Дина Таңсәрі) Черногорияда ұсталуына байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасаған еді.

Тергеу органдарының мәліметінше, Динара Смайыловаға қарсы алты бірдей қылмыстық іс қозғалған. Ол алаяқтық, жеке өмірге қолсұғушылық және жалған ақпарат тарату баптары бойынша күдікке ілінді.

Қазақстан ІІМ Интерполы Смайылованың Черногорияда жүргенін анықтаған, сол себепті Бас прокуратура оның экстрадициясы бойынша сұрау жолдаған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қадір түні

redaktor_qazyr

20 ШІЛДЕДЕ ТАМЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

redaktor_qazyr

Алматыда Абай даңғылы ұзартылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz