17.3 C
Шымкент
13-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірэкономика

Депутат Бапи: Халықты сыға бергенше, банктерді қыспайсыздар ма?!

Мәжілісте банктердің дивидендтеріне салық салу мәселесі қызу талқыға түсті, деп жазады Qazyr.kz.

Ермұрат Бапидің айтуынша, елдегі банктердің есеп-шотында сүрленіп жатқан қаржының көлемі 55 трлн теңгені құрайды. Бұл Қазақстанның екі бірдей бюджетіне пара-пар.

«Бұлар (банктер) жыл сайын қожайындарына миллиардтаған дивидендтер төлейді.

Ірі акционерлердің әрқайсысы жыл сайын 100 млн теңгеден астам дивиденд алады, бірақ осы банктік дивидендтер салық салудан босатылған.

Жұманғарин мырза, сіз бұған қосарланған салық салуға болмайды дейсіз. Алайда біздің бюджет әлеуметтік бағытқа басымдық беріп отыр. Бюджеттің 53 пайызы әлеуметтік салаға кетеді, экономиканы дамытуға бағытталған шығын 20 пайызға да жетпейді.

Ел алдындағы жауапкершілікті арттыру мақсатында банктік дивидендтерге салық салу мәселесін қарауды ұсынамын», – деді Бапи.

Оның айтуынша, банктен алынатын дивиденд – бұл акционерлердің таза табысы.

«Бұл мәселеде де батыл шешім қабылдайтын кез келді. Үкімет неліктен парламентке мынадай ұсыныс жасамайды: дивиденді 100 млн теңгеге дейінгі акционерлерге – 10 пайыз, ал 1 млрд теңгеге дейінгі акционерлерге – 15 пайыздық салық салынсын», – деп кесіп айтты депутат.

 

Бұл ұсынысты вице-премьер Серік Жұманғарин да қолдап отыр. Бірақ…

«100 млн теңгеге дейінгі дивидендке 10 пайыз дегеніміз тым көптеу. Мысалы, 100 млн теңгеге дейін – 5 пайыз, 100 млн-нан 1 млрд теңгеге дейін – 10 пайыз, ал 1 млрд теңгеден асса – 15 пайыз болсын», – деді вице-премьер.

Ермұрат Бапи өз кезегінде Салық кодексін талқылайтын жұмыс тобына бұл норманы ресми түрде енгізуді ұсынды.

«Халық пен бизнесті сыға бергенше, банктерді де қысатын кез келді. Сондықтан жұмыс тобы жаңа Салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізсін», – деді депутат.

 

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан ұлттық құрама бапкерін атып кетті

Redaktor Site

Президент Тоқаев су тасқынының салдарын еңсеру үшін әр аймаққа елдің ірі кәсіпкерлері бекітілетінін айтты

redaktor_qazyr

Алматы облысында жер қойнауын заңсыз пайданушыларды анықталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz