Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Депутат еліміздегі сотталған әйелдерге рақымшылық жариялауды ұсынды

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден палатаның жалпы отырысында ел түрмелерінде қанша әйел жазасын өтеп жатқаны туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Qazyr.kz  Zakon.kz. ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап

Әбден ішкі істер министрінің атына берген өтінішінде Биыл Қазақстан Конституцияның 30 жылдығын атап өтетінін еске салды.

«Онда отбасы, анасы мен баласы мемлекеттің қорғауында екендігі нақтыланды. Яғни, мемлекет әйелдердің ана ретіндегі құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөледі. Біз сотталған әйелдерге, егер олардың қылмыстары зорлық-зомбылықпен байланысты болмаса және қоғамға қауіп төндірмесе, рақымшылық жасауды қарастыруды ұсынамыз», – деді ол.

Оның айтуынша, мұндай шара әлеуметтік әділеттілікті бекітуге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер үшін дұрыс жолға түсуге жағдай жасауға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап ететін кәсіпкерлерге айыппұл салынады

redaktor_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

admin_qazyr

Қостанай облысы: бас имам, мас имам күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz