-5.7 C
Шымкент
22-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Дональд Трамп TikTok-ты «құтқару» мүмкіндігін қарастыруда

Сурет: armenpress

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп TikTok әлеуметтік желісіне қатысты мәселені шешу үшін арнайы жарлыққа қол қоюды жоспарлауда. Бұл жарлық 2024 жылы қабылданған, TikTok-ты АҚШ-та тыйым салу немесе сату талабын орындауды 60-90 күнге кейінге қалдыруды көздейді.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Конгресс қабылдаған заңға сәйкес, TikTok-тың қытайлық иесі ByteDance платформаны американдық компанияға 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін сатуы тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, әлеуметтік желі АҚШ аумағында толығымен тыйымға ұшырайды. Вашингтонда TikTok Қытай үкіметіне шпионаж немесе үгіт-насихат үшін қызмет етуі мүмкін деген алаңдаушылық бар.

The Washington Post хабарлауынша, бұл жарлық Трамп әкімшілігіне әлеуметтік желіні сату бойынша келіссөздерді жалғастыруға немесе балама шешім табуға қосымша уақыт бермек. Алайда 15 қаңтарда Жоғарғы Сот бұл заң бойынша нақты шешім қабылдамай, мәселені ашық қалдырды. Бұған дейін сот мүшелерінің кейбірі ByteDance платформаны сатпаса, TikTok-қа тыйым салу қажет деген ұстанымда болған.

Трамптың TikTok-қа қатысты ұстанымы оның саяси мүдделеріне байланысты өзгергені байқалады. Президенттік науқаны кезінде платформа Трамптың қолдаушылары арасында маңызды рөл атқарды. Қазіргі уақытта оның TikTok-тағы жеке аккаунтының 14 миллионнан астам жазылушысы бар. Өткен айда ол: «Мен TikTok-қа жылы сезіммен қараймын», – деп мәлімдеген.

TikTok-тың болашағы тек технологиялық немесе коммерциялық мәселе ғана емес, сонымен қатар АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың маңызды элементіне айналып отыр. Трамптың бұл бағытта қабылдайтын шешімі платформаның ғана емес, екі ел арасындағы ықпал үшін күрестің тағдырын айқындауы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібас — Арыс учаскесінде жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіп,опат болды

redaktor_qazyr

Айт намазының кестесі 2024 жыл

redaktor_qazyr

«Монтайтас-Арыс» такси бағасының негізсіз көтерілуіне тосқауыл қойылды» Монтайтас округінің әкімі халыққа жақын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz