Qazyr.kz порталы
ҚоғамПайдалы кеңестер

Донер әзірлеу жолы

Донер( Лаваш) қалай әзірлеуге болады?

Құрамы:

➖ лаваш
➖ қуырылған ет (шұжық не тауық еті)
➖ қуырылған картоп (фри)
➖ көкөніс салаты
➖ кетчуп, майонез

Дайындалуы:

Дөнердің негізгі бөлігі — лаваш. Қамыр илеу үшін бізге ұн, ашытқы, жылы су, тұз сары/сұйық май қажет. Аталғандармен қамыр илеп, 1 сағатқа бетін жауып қоямыз. Дайын болған қамырды майда бөліктерге бөліп, жұқалап илейміз. Табаны қыздырып, қамырдың екі жағын қызартып пісіреміз. Пісіру кезінде қамыр көтеріліп кетпес үшін үстінен басқан жөн. Қамырды табаға салмас бұрын бірнеше жерінен шанышқымен тесіп алса да болады. Лаваш дайын!

Піскен лавашты полиэтилен пакетке орау керек. Сол кезде лавашымыз сынғыш болмай, орауға икемделеді. Енді лаваштың ішіне қосатын қуырылған картопты, яғни, фри дайындаймыз. Ыстық майға ұзыншалап турап тұздалған картопты салып қуырамыз. Картоп майлы болмас үшін майдан сүзіп алғаннан кейін ас үй қағазына (салфетка) салады. Фри дайын!

Дөнерге көбіне қуырылған тауық етін қосады. Бұл жолы мен қолда бар шұжықты пайдаландым. Оны да ұзыншалап турап аламыз. Одан кейін көкөністерден салат дайындаймыз. Ол үшін қырыққабат, қияр, қызанақ, пияз, аскөк және дәмдеуіштерді пайдаланамыз. Барлығын жақсылап араластырып, ащылау салат дайындаймыз.

Дөнерге қажеттінің барлығы дайын, енді орау ғана қалды. Реттілікті сақтай отырып шұжықты, қуырылған картопты, көкөніс салатын, майонез бен кетчупты қосамыз. Мұқият орап, дөнердің формасын келтіреміз. Дөнер дайын!

Ұқсас жаңалықтар

Баланы қалай қайырымдылыққа үйретеміз?

Redaktor Site

Сарымсақ сусынын қалай дайындайды?

Redaktor Site

Украиндық ас үй туралы не белгілі?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz