Qazyr.kz
Мәдениет

Дүние жалған

ДҮНИЕ ЖАЛҒАН

Сұм жалған алдап кетер аяғында
Деген сөз келе жатыр баяғыдан .
О , өмір , алсаң талай сынағыңа
Бәрібір , саған көңіл баяғыдай .

Өзіңе белгілі ғой өткендерім ,
Тіршілігім үшін де төккен терім
Қанша жерден шалғанда аяғымнан
Бәрібір өзіңді еш жек көрмедім .

Кездерім көп болса да сиыспаған ,
Тәуекелді пірім деп жиі ұстанам
Қиындықпен бетпе- бет кездескенде
Қашанғы қан жолдастай қиыспағам .

Ақ , қарадан тұратын жолдарыңда,
Ой , қиялды шырмадың , торладың да .
Қиянда аяғымды шалыс бассам
Өзің болдың жанашыр , қорғаным да .

Өмір деген биігім , бәйтерегім ,
Емес қой тағдырымда жай керегім .
Қиын , қыстау болса да жолдары бар
Жарық дүние , сен болмасаң қайтер едім .

Түскесін өмір жолы сүрлеуіне ,
Кедергіден өтетін күрделі де .
Қиналғанда төтелеп кеткені бар
Жетпегесін қысқа жіп күрмеуіне.

Есіңде қалады да салған кей із,
Бәрі де бізден кеше қалған дейміз.
Кеткіміз келмесе де бұл өмірден
Бәрібір дүние осы жалған дейміз .

Шынәділ МҰҚАНҰЛЫ
16.09.2024 жыл

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Абай Құнанбайұлы-әсемпаз болма 

redaktor_qazyr

Міржақып Дулатұлы- наурыз

redaktor_qazyr

Өлең: Шуақ шашқан күн бе едің?

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты