Qazyr.kz порталы
Руханият

Біз екеуміз

Біз екеуміз

Махаббаттың қалқып ұшып бағында,
Біз екеуміз ғашық едік сағымға.
Қатал тағдыр жұлып алып лақтырды,
«Асау өмір» деген қатты ағынға.

Сен екеуміз асық едік алысқа,
Қиялменен ұшушы едік Марсқа.
Екі жаққа бөлді бізді жолайырық,
Айналдырып жәй ғана бір танысқа.

Біз екеуміз армандап ек талайды,
Алдымыздан күнді күтіп арайлы.
Құйын тұрып орап кеткен біздерді,
Кездестірді ақ шалғанда самайды?

Елес болып қала берсін бәрі енді,
Жәй таныстай берейінші сәлемді.
Жүрек іште бұлқынады тынымсыз,
Бірақ жоқ-ау, сездіруге әл енді.

15.09.24 Балзи

Ұқсас жаңалықтар

Том мен Джерри мультфильмінің шығу тарихы

Redaktor Site

Жәнібек Салқынбек-Сен маған өкпелеме

Redaktor Site

Ақылбек Шаяхмет — Қуан, қазақ! (Тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің жаңа рəміздері белгіленгенде)

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz