Егінші — мәрт,
Жер — жомарт.
***
Қыс арбаңды сайла.
Жаз шанаңды сайла.
***
Шағала келмей жаз болмас,
Шаңған болмай боз болмас.
***
Тамыр тартқан — тарықпас.
***
Жемісті ағаштың басы төмен.
***
Қос жүре түзелер.
***
Берген алар, еккен орар.
***
Жер тоймай,
Ел тоймайды.
***
Жеріне қарай, егін ек,
Жолына қарай жегін жек.
***
Қыс азығын жаз жина.
***
Арпа, бидай —
Ас екен,
Алтын, күміс —
Тас екен.
***
Егінші жылда арманда,
Балықшы күнде арманда.
***
Шегірткеден қорыққан егін екпес.
***
Егіндікті күз суар.
Күз суарсаң, жүз суар.
***
Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
***
Ағын суы бал татыр,
Ақ шабағы май татыр.
***
Орақшының жаманы,
Орақ таңдайды.
***
Айыр пішен қасында,
Кісен кереге басында.
***
Шаруа болсаң,
Қос етегің кең болсын.
***
Диқан жауында тынады,
Балықшы дауылда тынады.
***
Сулы жер —
Нулы жер,
Бұлақты жер —
Тұрақты жер.
***
Не ексең, соны орарсың.
***
Күріш арқасында күрмек су ішер.
***
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
***
Егініңді дөңге сал,
Дөңге салсаң — көңге сал.
***
Балық бәсін алады.
Елін есесін алады
***
Әйел — ерімен,
Диқан — жерімен.
***
Сағадағы су ішеді,
Аяқтағы у ішеді.
***
Ағашы аласа болса да,
Алмасы тамаша.
***
Мәуелі ағаш — майысқақ.
***
Жеті тоқсанда жер мұздайды.