Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Бауыр барда

Бауыр барда!
Бауыр барда бақытсызбын дей көрме,
Өз басыңның қамын ғана жей көрме.
Қан мен жаның бір тамырдан жаралған,
Бауыр барда,
Бақытсызбын дей көрме!

Кейде реніш,
Кейде ыза болсада,
Ақ көңілің қара ашуға толсада.
Ең қымбаты, ең ардағы бауырың,
Арадағы жылулығы солсада.

Ауыр айтпа,
Көңіліне қадама,
Жанжалдасып, ала көзбен қарама.
Бауырыңды «бауыр етім» деп сана,
Екі туып бір қалғанға балама.

Бір құрсақта, бір жүректен шықтыңдар,
Бір ақылды, бір дүрсілді ұқтыңдар.
Бірге жүріп, бірге өсіп ержетіп,
Бір-біріңе шаранамен жұқтыңдар.

Тірі кезде алыспаңдар сақтаңдар,
Не жағдайда бір-біріңді жақтаңдар.
Шайтан келіп күнәлісің деп қалса,
Періштедей бір-біріңді ақтаңдар.

Ұқсас жаңалықтар

Бес нәрсе, бес нәрсемен білінеді

redaktor_qazyr

Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

admin_qazyr

ҰБТ: Қазақстан тарихы пәнінен 40 сұрақ жауабымен

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz