20.3 C
Шымкент
16-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Экология министрі: Көлікті қыздыруға 5 минут жеткілікті

Қазақстанның Экология министрі Ерлан Нысанбаев үкімет отырысында көлікті ұзақ уақыт қыздырудың қажеті жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, әсіресе Алматы сияқты ірі қалаларда көлікті аз уақыт қыздыру ауаға шығатын зиянды қалдықтарды азайтуға және бензинді үнемдеуге көмектеседі.

«Көлікті аулада ұзақ уақыт қыздыру экологияға кері әсер етеді. Бұл талап еліміздің солтүстік өңірлерінде де үлкен мәселе тудырмайды деп есептеймін», – деді министр.

Алайда бұл ұсынысқа тұрғындардың көпшілігі келіспей отыр. Олардың айтуынша, «жеткілікті деңгейде қызбаған көлік істен шығуы мүмкін».

Министр халықтың пікірімен бөліскеннен кейін өз көлігін қанша минутта қыздыратынын көрсетіп, әлеуметтік желіде видео жариялады. Осылайша, ол көлікті қыздыру үшін 5 минут жеткілікті дейді.

Ұқсас жаңалықтар

Мұрын ашыса не істеу керек?

Redaktor Site

Павлодарда 6-сынып оқушысы адам пышақтады

Redaktor Site

Алматыда облысы : Әжетханаға түсіп кеткен телефонды аламын деп өзі де түсіп кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz