Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Елена Рыбакина тағы бір турнирден бас тартты

Әлемнің төртінші ракеткасы, Қазақстан теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA-1000 халықаралық турнирінде кортқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. 

Аталған турнир баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рыбакинаның мұндай шешім қабылдауына арқасындағы жарақаты түрткі болған. 2023 жылы ол тура осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Рыбакина осымен үшінші турнирге қатысудан қатарынан бас тартты. Ол АҚШ-тың Ашық чемпионаты мен Сеулдегі Әлем чемпионатына қатыспады.

Бұған дейін Бейжіңде өтіп жатқан турнирде әлемнің тоғызыншы ракеткасы, грек спортшысы Мария Саккари, әлемнің 10-шы ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз және әлемдік рейтинг көшбасшысы, польяк теннисшісі Ига Швентек  өнер көрсете алмайтындарын мәлімдеген.

Ұқсас жаңалықтар

Оралда жантүршігерлік жол апаты болды

Redaktor Site

Шымкентте жоғалған 4 жасар бала табылды

redaktor_qazyr

Тайфуннан 233 адам қаза болды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz