16.3 C
Шымкент
16-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазір

Елімізде Батыс-Шығыс ұлттық талшықты-оптикалық гипермагистралінің құрылысы басталады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Freedom Telecom Holding Ltd.» компаниясы Батыс-Шығыс ұлттық талшықты-оптикалық гипермагистралін салу және Tier-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталықтарын  құру салаларында ынтымақтастық  меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралінің құрылысы деректерді беру көлемін айтарлықтай ұлғайтып, Қазақстанды халықаралық интернет-трафик транзитіндегі негізгі қатысушыға айналдырады.

Бұл жоба деректерді беру кідірістерін азайтуға, қосылу жылдамдығын арттыруға және Еуропа мен Азия арасындағы трафикті өткізуге баламалы маршрут қалыптастыруға бағытталған. Гипермагистраль құрылысы 2026 жылы аяқталады.

Бұл әсіресе бұлтты технологиялар, қаржылық операциялар, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік үшін өте маңызды. Сондай-ақ гипермагистраль құрылысы ірі IT-компанияларды, телекоммуникациялық корпорацияларды және деректерді жылдам және қауіпсіз тасымалдауға мүдделі қаржы институттары секілді халықаралық клиенттерді тартуға ықпал етеді.

Жобаларды жеке инвестициялар есебінен қаржыландыру жоспарланған.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Алғашқы қалта телефоны қашан пайда болды?

redaktor_qazyr

Сарапшы: Ресейге салынған санкциялар Қазақстан экономикасына қауіп төндіреді

redaktor_qazyr

Астана халықаралық форумы 2025 демеушілер есебінен өткізіледі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz