-7.7 C
Шымкент
23-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазірПайдалы кеңестер

Елімізде былтыр жұмысынан айрылған 293 мың адам әлеуметтік көмек алды

2024 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты , 293,6 мың адам төлем алды. Оның 258,6 мың адамы төлемді алғаш рет алып отыр. Төлемдердің жалпы сомасы 88,3 млрд теңге болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

— eGov.kz порталында авторизациялану;

— «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

— онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

— бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

— егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.

Ұқсас жаңалықтар

«Жасөспірім балалар итті үркітемін деп тас лақтырған» Монтайтаста болған оқиғаға қатысты білім бөлімі жауап берді

redaktor_qazyr

Зайсанда Түркістандық 18 жастағы сарбаз өзіне екі рет оқ атып қайтыс болды

redaktor_qazyr

Түркістан обл: Полицейлер сенбі,жексенбі күндері жүргізген рейдте 182 құқық бұзушылықты анықтады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz