Шымкент қаласының әкімдігі халықтың өтінішін ескере келе, жолаушылар тасымалы қызметін жақсартуды көздеп отыр. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 11 маршрутқа қосымша 24 автобус қосу жұмыстары жүргізілуде.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.
Бұл автобустардың аралық интервалын азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жоспарланған бағыттар жаңа кестемен жұмысын бастады.
№70 бағыт: Қайнарбұлақ тұрғын алабы Гипер Хаус сауда үйі. Тұрғындардың сұранысы артып, оқу жылының басталуына байланысты бұл бағытта 12 автобус қызмет көрсетіп жүрген еді, енді қосымша 2 кесте енгізілгеннен кейін автобустар саны 14-ке жетті. Ал, аралық интервал 10 минутқа дейін қысқартылды.
№171 бағыт: Бозарық шағынауданы (саяжай) облыстық әскери комиссариат. Бұрын бұл бағытта 10 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 12 автобус 12 минуттық жиілікпен жүреді.
Қоғамдық көлік қозғалысын оңтайландыру қала тұрғындарының күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, қалаішілік қатынастың сапасын арттырады. Жолаушылардың қолайлығы үшін жасалып жатқан мұндай шаралар қоғамдық көлікке деген сұранысты қанағаттандырып, жолаушылар ағынын тиімді басқаруға септігін тигізебек.