Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Арыста әскери қызметкер өзін-өзі атып жіберді

Түркістан облысы Арыс қаласында әскери қызметкер өзінің басына қару тақап,атып жіберді.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Арыс қаласындағы әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істейтін ефрейтор, 16 қыркүйек күні кезекшілікті атқару кезінде өзінің басына қару тақап,атып жіберген.

«16 қыркүйекте тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде Арыс гарнизоны әскери бөлімдері бірінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі травматикалық қарудан басынан жарақат алды. Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

Қазір осы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Енді Қазақстанда жалғызбасты ер адамдар да бала асырап ала алады

redaktor_qazyr

Қазақстанда қыркүйек айынан бастап дәрігерлердің жалақысы өседі

redaktor_qazyr

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz