Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qazyr.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада.
Ерболат Досаев 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.1987 жылы Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
Бұған дейін бірнеше салада қызмет атқарған:
1997 ж. – «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы;
1998 ж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі;
1998 ж. – Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
2000 ж. – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі;
2001 ж. – Қазақстанның Даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы;
2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;
2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;
2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;
2006-2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы;
2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
2013 жылғы 16 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамыз аралығында – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.
2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2019 жылғы 25 ақпанынан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы.
2022 жылғы 31 қаңтарынан бастап Президент Жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.