Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясатэкономика

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazyr.kz.

2025 жылғы 17 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып Ерұлан Жамаубаев тағайындалды.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде жазылған.

Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы – 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген.

1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқытушы-тағылымдамашы, оқытушы;

1998-2014 жылдары – ҚР Ұлттық банкінің жетекші маманы, департамент директоры;

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры;

2015-2018 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі;

2018-2019 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;

2019-2020 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

2020-2022 жылдары – ҚР Қаржы министрі;

2022-2024 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі;

2024 жылғы 20 мамырда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас: Екі отбасы екі күннен бері жарықсыз отыр

redaktor_qazyr

Экс-президенттің қызы Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды

redaktor_qazyr

Түркістан: «Балаларын жастықпен тұншықтырып өлтірген әйел ұсталды»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz