Qazyr.kz порталы
Руханият

Фариза Оңғарсынова

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау облысы, Новобогат ауданы, Манаш ауылында туған. Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғали (1891–1940) оқыған, елге қадірлі азамат болған. Ақынның әкесі жүрегі ауырып ерте көз жұмды, ал анасы 70-ші жылдары дүниеден өткен. Ол бала күнінен ақындық қасиетін көрсетіп, өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең шығаратын болған.

Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілінің бірі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Ф. Оңғарсынова шығармашылығы әр уақытта да жыр сүйер қауымның, әдеби сынның оң назарында болып, жоғары бағаланып келеді. Бүгінгі қазақ өлеңінің өресін, жалпы қазақ поэзиясының деңгейін Фариза туындыларынсыз толық елестету, анықтау мүмкін еместігін оңды ұғынсақ, ақын шығармашылығы бір емес, бірнеше зерттеу еңбектері мен оқу құралдарына негіз бола алатыны күмәнсіз.

Ақын лирикасының тақырып ауқымы өте күрделі әдеби процестерден тұрады.

Фариза — алдымен, лирик ақын. Оның ақындық әлемінің айшығы мен әшекейі де осы лирикасында жатыр. Ақынның «Шілде» (1978), «Сенің махаббатың»: Әйелдер әлемі жыр кітабы (1979), «Сұхбат’ (1983), «Дауа» (1985), «Екі томдық: Таңдамалы шығармалары» (1987), «Қыз-ғұмыр» (1996), «Мен саған ғашық емес ем» (1999) сынды жыр кітаптары бар.

Ақын мұрасы сонау алпысыншы жылдардың нақ ортасында «Сандуғаштан» (1966) серпін алып, сексенінші жылдардың аяғындағы құйылымы қадірлі, шырайы бөлек, қос томдық «Таңдамалыны» (1987) және «Қыз-ғұмырға» (1996) дейінгі аралықты қамтиды.

Ақын мұрасы сонау алпысыншы жылдардың нақ ортасында «Сандуғаштан» (1966) серпін алып, сексенінші жылдардың аяғындағы құйылымы қадірлі, шырайы бөлек, қос томдық «Таңдамалыны» (1987) және «Қыз-ғұмырға» (1996) дейінгі аралықты қамтиды. “Дауа» (1985), «Маңғыстау монологтары» (1986), «Екі томдық: Таңдамалы шығармалары» (1987), «Өсиет» (1995), «Қыз-ғұмыр» (1996) және «Мен саған ғашық емес ем» (1999) сынды дүниелермен толықты. Бұлардың ішінде Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Маңғыстау монологтарының» орны ерекше саналады. 1970 жылдардың бас кезінен бастап ақын туындылары көп көңілінен шығып, өз оқырманын тауып, ғалым-зерттеушілердің назарын аудара бастады.

Ақын 2014 жылы 23 қаңтарда қаза болды.

Дереккөз: Зейнолла Мүтиев

 

Ұқсас жаңалықтар

Сұрау белгісі қай кезде қойылады?

redaktor_qazyr

Астанада өтетін CONNECTED-2024 конференциясына 20-дан астам елден 1500 делегат қатысады

redaktor_qazyr

Жалқаулыққа қарсы дұға

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz