-3.7 C
Шымкент
30-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Әмбебап

Fix Price былтыр Қазақстандағы дүкендерінің санын 20%-ға арттырды

Дүкендер саны 337-ге жетіп, жалпы сауда алаңы 72 мың шаршы метрден асты. Ең көп дүкен ашылған өңірлер — Ақтөбе облысы, Астана және Павлодар облысы болды. 2025 жылы кемінде 60 жаңа дүкен ашу және адамдарды көбірек жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Төмендетілген бағалар желісінің әлемдегі жетекшісі Fix Price Group 2024 жылы Қазақстанда дүкендер санын 20%-ға арттырып, 57 жаңа сауда нүктесін ашты . 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша желі Қазақстанның 19 өңірін және 57 қала мен елді мекенін қамтып, жалпы сауда алаңын 72 мың шаршы метрден асырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артық.

Дүкендердің басым бөлігі Ақтөбе облысында (10), Астана мен Павлодар облысында (7 дүкеннен), Қарағанды облысында (5) және Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарында (4 дүкеннен) ашылды.

Fix Price дүкендерінің ассортиментіне күнделікті тұрмысқа қажет тауарлар кіреді. Оның ішінде азық-түлік және сусындар, тұрмыстық химия, косметика, ойыншықтар, үйге арналған тауарлар және тағы басқалары бар. Бекітілген баға стратегиясы тауарлардың құны мен сапасының ең оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.

Былтыр Fix Price Қазақстандағы жұмыс орындарын 15%-ға көбейткен болатын. Жаңа бос жұмыс орындарының басым бөлігі әкімші (45%), жүкші (19%), меңгеруші (19%) мамандықтарына тиесілі болды. Жаңа жұмыс орындары негізінен Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Атырау облыстары мен Астанада ашылды. Fix Price Қазақстанда жұмыс істеп келгелі бері 2 000-нан астам жұмыс орнын құрды.

«Қазақстан нарығы біз үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді. 2024 жылы біз 57 жаңа дүкен ашып қана қоймай, 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын құрдық. Сонымен қатар, біз онлайн-сауда арнасын дамыттық. Осы арқылы дүкендерден онлайн тапсырысты өздігінен алып кету қызметіне сұраныс артты, сондай-ақ серіктес маркетплейстер арқылы тауарларды жеткізу іске қосылды. Бұл біздің өнімдерімізді миллиондаған сатып алушылар үшін қолжетімді етті. Fix Price адалдық бағдарламасы да қарқынды өсіп, жыл соңында қатысушылар саны 880 мыңнан асты. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 57%-ға көп. 2025 жылы біз Қазақстандағы желіні кеңейтіп, кемінде 60 жаңа дүкен ашуды жоспарлап отырмыз», — деді, Fix Price Қазақстан бас директоры Алексей Ермаков.

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Fix Price желісі Қазақстанда 337 дүкенді ұстап отыр. Оның ішінде 320 дүкен компанияның меншігінде, ал 17 дүкен франшиза арқылы жұмыс істейді. 2024 жылдың маусымында Fix Price Group PLC Кипрден Қазақстанның Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) қайта тіркелді. Осы арқылы компания Қазақстанда халықаралық серіктестікті нығайту жоспарын растады.

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Fix Price дүкендерінің жалпы саны 7 165-ке жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 751 дүкенге көп. Қазақстаннан бөлек, алты елде жаңа дүкендер ашылды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жалдамалы пәтерде үндістандық студенттердің мәйіті табылды

redaktor_qazyr

Міржақып Дулатұлының өмірбаяны

redaktor_qazyr

Lenovo компаниясының директоры өлі күйде табылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz