Бүгінгі таңда Қазақстанда жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі салымдары 24,6 трлн. теңгені құрап, бұрын сонды болмаған көрсеткішке жетті. Себеп депозит сыйақылары өте жоғары. Мемлекет инфляцияны тоқтату мақсатында базалық мөлшерлемеріні жоғары деңгейде ұстап отыр. Одан бөлек теңгенің құнсыздануына байланысты сонғы уақытта еліміздің азаматтары 8 мың тонна алтын сатып алған деп хабарлайды Qazyr.kz.
Еліміздің жеке тұлғалары өз салымдарың банктердің сенімділігіне, сыйақы мөлшерлемесінің жоғарылығына қарай, банктық қызмет сапасының қолайлығына орай таңдау жасайды. Сонымен депозиті көп банктердің көш басында кімдер тұр?
Салымдардың өсімі бойынша Bereke Bank ең үздік көрсеткішпен алға шықты: салымдар бірден 51,8%-ға, 652,7 млрд. теңгеге дейін артқан. Тек желтоқсан айында қаржы институтының бөлшек салымдар портфелі тағы 8,9%-ға өсті.
Жылдық өсім бойынша екінші орынға Bank RBK орналасты: салымдар 32,4%-ға, 639,4 млрд теңгеге дейін артты. Ал банк депозиттерінің жиынтық портфелі 1,6 трлн теңгеге жетіп, жылдық өсім 41,3%-ға ұлғайды.
Депозит портфелінің өсімі бойынша көшбасшылардың үштігін Freedom Bank қорытындылады: салымдар 27,5%-ға, 585,9 млрд теңгеге дейін көбейді. Қаржы институтындағы салымдардың жалпы көлемі жыл басында 1,1 трлн теңгені құрады, бір жыл ішінде 44,9%-ға өсті.
Аталған үздік үштіктен бөлек, Қазақстандағы ірі ЕДБ арасында Банк ЦентрКредит (жылына 26% өсім), Halyk Bank ( 23,3% өсім) және Kaspi Bank (21,7% өсім) те нарықта оң көрсеткішке қол жеткізді.
Қазақстандықтар ірі әрі сенімді банктерді таңдайды. Мәселен, Қазақстандағы үздік он ЕДБ-да халықтың барлық салымының 95,6%-ы немесе 23,5 трлн. теңге жатыр. Қалған 11 банкте небәрі 1,1 трлн. теңге жинақталған.