Qazyr.kz
БілімМәдениет

Ілияс Жансүгіров-Бөбек бөлеу

Бөл-бөл бөлек, бөл, бөбек,
Бөлейін бері кел, бөбек.
Бедерлі бесік, төрт есік,
Төгілте салдым тер төсек.
Бөпешім, бесік — отауың,
Отауыңа кір, бөбек.

Бөл-бөл бөлек, бөл, бөбек,
Бүлдіршін-шүмек, бәйтерек.
Балалы үйрек, бас бармақ,
Кішкене бөбек — бес бөлек.
Саусақайы салбырап,
Бөлене қойсын қос білек.

Бөл-бөл, бөпем, бөл, бөпем,
Бөлесем жөнге көн, көкем.
Көк ала жылқы көлде екен,
Көк ала тайың сонда екен.
Торсығыңды тосайын,
Тұмсық төсей сор, көкем.

Бөл-бөл, бөпем, бөл, бөпем,
Бөлейін бері кел, көкем.
Жұлдызыңды жұм, көкем,
Жуынып ерте тұр, бөпем.
Алшая атқа мін, бөпем,
Ақтан қара біл, көкем.

Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек,
Бөлекең қонған көк өзек,
Көк өзекте көбелек,
Көлге көк құс шүй, бөбек,
Көк өзекте көбелек,
Көбелектей күл, бөбек.

Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек,
Боларсың, бөпем, қолкөмек,
Әлпештеген ата-анаң,
Бола қалса мүгедек.
Таңайын, ұйықта, таң атсын,
Түнде оянба, түн түнек.

Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек,
Бөріден бөстек ки, бөбек.
Ерінбей еңбек ететін,
Еліңе бол елгезек,
Елгезек болсаң, иісін
Ендеше саған екі емшек.

Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек,
Бөгелмей білім біл, бөбек,
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің,
Елге есті ер керек,
Ер жет! Есей ертерек!

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

Redaktor Site

Халық жыры

Redaktor Site

Ақселеу Сейдімбек

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты