Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Жүрегім күлмей

Жүрегім күлмей

Күле бердім жүрегім жылап тұрып,
Күрсіндім де тыныштық сұрап тұрып.
Көздеріңе үңіліп қарай бердім,
Сөнбеген соң көңілде шырақты үміт.

Күле бердім сыр ашпай әңгіме айтып,
Күрсінсе де жүрегім сағыныштан.
Қара көзің мұңдарға бір батырып,
Жібітпеді жанымды сағым құшқан.

Күле бердім алданып есім кетіп,
Сәл жымисаң жүзіңді маған бұрып.
Бақыт сезіп марқайды сана-сезім,
Шақырғандай алыстан арман күліп.

Қызғанып күйген емес кім,
Сен мені сүйген емессің.
Жүрекке жебедей болып,
Жаралап тиген елессің!

Күле бердім тағы да күле бердім,
Сағынумен өмірді сүре бердім.
Ал,сен болсаң баяғы қасыңдағы,
Бар адамға қарамай жүре бердің.

24.01.2017 ж Алматы
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Неге қазіргі оқушылар мұғалімді сыйлаудан қалды?

redaktor_qazyr

Келген қонақты күлімдеп қарсы ал

redaktor_qazyr

Ұзақ өмір сүрудің сыры

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz