Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Қадірі жоқ құрбылардың қастағы

Қадірі жоқ құрбылардың қастағы,
Қараңыздар жазуларға тастағы.
Аға буын абақтыдан бастаса,
Біздің буын тура өлімнен бастады.

Уақыт бізді боран болып үйірді,
Үйірді де асығындай шиырды.
Қиындық та,
Шарықтау да,
Өлім де,
Бірінші боп Төлегенге бұйырды!

Шабыт,
Шарап…
Көрсетпеді Ертеңді,
Екеуінің арасында өртенді.
Мүмкін болмай өмірімен дәлелдеу,
Мұқағали қасақана ерте өлді!

Жұмакендей істеу керек еңбекті,
Оны да сол құса мен шер меңдетті.
Шегіп-шегіп,
Шегіп-шегіп шылымын,
Жазып-жазып,
Жазып-жазып, ол кетті.

Тұлғаланып келе жатқан бәйтерек,
Тобық еді,
Ол да кетті ертерек.
Ақан кетті,
Жүсіп кетті,
Күйші еді ол,
Құйқылжытып күйін қалай шертер ед!

Кейде туған заманыңа өгейсің,
Өгейсінген өзгіздерді шенейсің.
Жүз өлгенше,
Мың өлгенше күніне,
Өлмеу үшін бір өлді олар,
Не дейсің!?

Автор: Қадыр МЫРЗА ӘЛИ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Грузия Көлік және инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық нығаюда

redaktor_qazyr

«Бұл саяси шешім емес!» Франция президенті Дуровтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

redaktor_qazyr

Шие жемісінің пайдасы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz