Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Қадірі жоқ құрбылардың қастағы

Қадірі жоқ құрбылардың қастағы,
Қараңыздар жазуларға тастағы.
Аға буын абақтыдан бастаса,
Біздің буын тура өлімнен бастады.

Уақыт бізді боран болып үйірді,
Үйірді де асығындай шиырды.
Қиындық та,
Шарықтау да,
Өлім де,
Бірінші боп Төлегенге бұйырды!

Шабыт,
Шарап…
Көрсетпеді Ертеңді,
Екеуінің арасында өртенді.
Мүмкін болмай өмірімен дәлелдеу,
Мұқағали қасақана ерте өлді!

Жұмакендей істеу керек еңбекті,
Оны да сол құса мен шер меңдетті.
Шегіп-шегіп,
Шегіп-шегіп шылымын,
Жазып-жазып,
Жазып-жазып, ол кетті.

Тұлғаланып келе жатқан бәйтерек,
Тобық еді,
Ол да кетті ертерек.
Ақан кетті,
Жүсіп кетті,
Күйші еді ол,
Құйқылжытып күйін қалай шертер ед!

Кейде туған заманыңа өгейсің,
Өгейсінген өзгіздерді шенейсің.
Жүз өлгенше,
Мың өлгенше күніне,
Өлмеу үшін бір өлді олар,
Не дейсің!?

Автор: Қадыр МЫРЗА ӘЛИ

Ұқсас жаңалықтар

Сөз бостандығы дегеніміз не?

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Сұлтанмахмұт Торайғыров — Ораза деген не парыз?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz