Qazyr.kz порталы
Руханият

Қал сұрауға қанша уақыт кетеді?

Бес жағдайда қал сұрау парыз:

1. Еліңнің, Отаныңның жағдайын біліп, қал сұрас;
2. Ата — анаңның, туыстарыңның амандығын біліп, қалдарын сұра;
3. Достарыңның, сыйластарыңның қалын сұра;
4. Ұстаздарыңның, өмірге тәрбиелеп, үлгі шашқан Адамның қалын сұра;
5. Ауырып жатқан адамның, көрші — көлеміңнің, ағайын — жекжатыңның қалін сұрап тұр…

Мойындамай, ағайынмен «суығанын» арамыз,
Тұрмыс билеп, тірлік қуып,ұсақталып барамыз.
Пейілдердің пәс тартқанын өзімізше жасырып,
Уақыттың жоқтығына,»қол тимеуге» жабамыз

Зәредейміз сылтау іздеп,ақталуға келгенде,
Жалпақтаймыз,көлгірсиміз, жақындарды көргенде…
«Сәлемнің де дертке дауа,жанға шипа екенін»,
Түсінеміз басқа тиіп,денеге ауру енгенде.

Кіріп алдық, қойшы әйтеуір, «қол тимейтін сенімге»,
Уақыт жоқ,— дейміз, қазір,тіпті,көңіл бөлуге…
Сұрамаймыз,қал — жағдайын,жақын менен қимастың,
Бәлкім, ол жан Сені аңсайды, бірер сәтке көруге?!.

Сен құрсақта жатқаныңда: «Көрсем ғой?!»— деп, жарықты,
Тыпырладың, оны Анаң жүрегімен сан ұқты…
Сен өмірге келеріңде әніңе сап, іңгәлап,
Әке — шешең, біл,қаншама жанын беріп, зарықты!?.

Атаң — әжең, әр нәрсені үмітпенен ырымдап,
Көрмеді ғой, сен туғанша тағат тауып, тыным да ап…
«Е, Жаратқан! Немеремді бір иіскет!?»— деп,тіледі,
Оңашада жанарларын шытпен сүртіп, сығымдап…

Тосты ағаң да, әпекең де,барша жақын туыстар,
«Бауырымыз келеді!»— деп, Батырымыз «Туұстар!»…
Сен солардың ақта үмітін,қадіріңше жарай ма,
Бері жоқ,қу жалғанның ,соңынан бос қуыспай!?.

Айтшы, қане, қал сұрауға қанша уақыт кетеді?
Әрі кетсе, он — ақ минут бәріне де жетеді…
Көпті көрген қариядан, рахмет, Бата алсаң,
Бар өмірің шаттықпенен,мәнді болып өтеді!..

Адамдармен ешқашанда, сөзге келме, суыспа,
Түкке тұрмас дау — дамайды,өкпең өшіп қуыспа.
Өміріңе жететұғын нәрлі қуат беретін,
Қал сұрап жүр, Айналайын,сәлеміңді дұрыста!!?

Шүңет ДТ — дан кеңес…

20.09.2024 ж.

Талдықорған

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Таңертең ерте тұру үшін не істеу керек?

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz