Qazyr.kz порталы
Қазір

Елордадағы ауқымды акция: ашық терезе және ата-аналарға қауіпсіздік кеңестері

Республика аумағында «Қауіпсіз терезе» акциясы жалғасуда. Акцияның мақсаты – ата-аналардың сақтығын арттыру және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салу.

Жыл басынан бері ТЖМ құтқарушылары еліміз бойынша 3920 терезе бекіткішін орнатты.

Бүгін елордада ТЖД қызметкерлері қаланың барлық аудандарын қамтыған ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.

ТЖД қызметкерлері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полициямен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен бірлесіп әлеуметтік осал топтағы отбасылардың пәтерлерінде 900-ден астам терезе бекіткішін орнатты.

«Бекіткіштерді орнату сынды қарапайым шаралар және балаларға тұрақты бақылау жасау – қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін. Біз елордалықтарды барынша мұқият болуға шақырамыз», – деп ТЖД бастығының орынбасары Қанат Алтынбеков түйіндеді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Парктер шеруі – 2025: Көлсай табиғатын қорғауда оқушылар ерекше белсенділік танытты

admin_qazyr

Мүгедектікті белгілеу бойынша 24 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

admin_qazyr

Алматылық студенттерге жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы түсіндірілді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz