Qazyr.kz
БілімМәдениет

Қалқаман Сарин-Анашым

Ақ бесікті тербеп, біздің, сен!
Ақ сүт беріп ержеткіздің, сен!
Ғибратты ғұмырыңның жартысын,
Жаутаң қағып жолда өткіздің, сен!

Жібін үзбей ізгі үміттің, сен!
Жылы жүзбен бізді күттің, сен!
Мейірімге мұқтаж мынау ғаламда,
Үлгісі едің ізгіліктің, сен!

«Балам!» — дедің, балқып сүйдің, сен!
Өз жаныңнан артық сүйдің, сен!
Омырауыңнан өмір беріп, жұпарлы
Жұмақ болып аңқып сүйдің, сен!

Шат көңілмен шалқып сүйдің, сен!
От деміңмен шарпып сүйдің, сен!
Кірпік ілмей, ұйқы білмей талай түн,
Тауқыметті тартып сүйдің, сен!

Құшағыңды ашып сүйдің, сен!
Бауырыңа басып сүйдің, сен!
Еркелетіп, еміреніп, шаттанып,
Шуағыңды шашып сүйдің, сен!

Ұлың үшін ұлылықсың, сен!
Таусылмайтын жылылықсың, сен!
Жүрегіне ұялатқан ұятты,
Ең бір ғажап сұлулықсың, сен!

Естен кетпес əлди үнім, сен!
Аласармас ар — биігім, сен!
Жалғыз ауыз «ботам» деген сөзіңмен
Жазушы едің жан күйігін, сен!

Тəңір берген нығыметсің, сен!
Қасиетсің, құдіретсің, сен!
Атыңды естіп, лүпіл қағып кететін
Кеудемдегі жұмыр етсің, сен!
Анашым!..

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Нарманбет Орманабетұлы

Redaktor Site

Әйгерім Тұрлықожа

Redaktor Site

Монтайтас ауылы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты