Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Күлаш Ахметова

Жан досым!
Сырласайық, келші маған.
Жасыңды жасыршы тез тамшылаған.
Мен сені
Жаладан да,
Жазадан да,
Құмнан алтын алғандай аршып алам!

Қатігездеу бұл кездің адамдары,
Кейбірінің көңілі қараңғы әлі.
Қызғаныштан құтырып жанарлары
Сені ұнатпай жүретін әлсіз жандар
Жеп қоярдай қарайды маған бәрі!

Елемеймін,
Оларға жаза — мұным.
Жанталасқан жандардың азабы мың.
Сен де елеме!
Сенемін негізі мен,
Тұман басқан қиянат теңізінен
Алып шығар ақ желкен тазалығың!

Ұқсас жаңалықтар

Әңгіме: Құсбегі Тіней

redaktor_qazyr

Есенқұл Жақыпбек

Redaktor Site

Будапештте өткен халықаралық байқауда Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті үшінші орын иеленді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz