Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қар жауып, бірнеше облыста жол жабылды

Қазақстанның бірнеше облысында қар жауып, құтқарушылар мен полицейлер көлік жүргізушілеріне жолдардағы жағдай туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

“ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 2024 жылғы 11 қазанда сағат 17:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Петропавл» автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Ауа райының нашарлауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады. Жүргізушілерге ауа райы болжамын мұқият қадағалап, жол жағдайының күрт өзгеруіне дайын болуға, сондай-ақ қысқы дөңгелектерді дер кезінде ауыстыруға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

«Үш айда 23 жасөспірім». ІІМ қазақстандық ата-аналарға шұғыл үндеу жасады

admin_qazyr

Сарыағашта әйел өз күйеуін ұрып өлтірді

redaktor_qazyr

Алматыда тау көшкіні, сел жағдайына бақылау күшейтілді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz