Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Үш айда 23 жасөспірім». ІІМ қазақстандық ата-аналарға шұғыл үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

ІІМ мәліметінше, биыл үш айда бүкіл ел бойынша тыйым салынған заттарды сақтауға және таратуға қатысы бар деген күдікпен 23 жасөспірім ұсталды. Олардың ішінде колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары бар.

«Естеріңізге сала кетейік, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», делінген үндеуде.

Бұдан басқа, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабында есірткіні, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

«Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз. Қауіптің алдын алу маңызды! Балалардың болашағы біздің қолымызда! Тек бірлесіп қана біз есірткісіз қауіпсіз қоғамды құра аламыз!» — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының жаңа Бас жоспары: қала тағдыры экология таразысына түсті

admin_qazyr

Қазақстанда жоғары оқу орнына түсу үшін қажет шекті балл көтеріледі

admin_qazyr

Әкімдіктер өрт қауіпті кезеңде толық жауынгерлік дайындықта болуға тиіс – Экология министрлігі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz