Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпарат

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы орталығында болған қайғылы оқиғаға байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы бұл оқиғаны терең күйзеліспен қабылдағанын атап өтіп, қаза тапқандардың жақындары мен отбасыларына көңіл айтты. Сонымен қатар бауырлас түрік халқына қолдау білдіріп, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қазақстан Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жеделхатта Қазақстан халқының Түркия халқымен бірге екендігі және қиын сәтте қолдау көрсетуге дайын екендігі атап өтілген.

Айта кетейік, Болу провинциясындағы тау шаңғысы орталығында болған өрт бірнеше адамның өмірін қиып, қайғылы жағдайға себеп болды. Түркия билігі бұл оқиғаның себеп-салдарын анықтаумен айналысып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Иракта 9 жасар қыздарға некеге тұруға рұқсат етілді

redaktor_qazyr

Ұл баланы неге сүндетке отырғызады?Тарихи шолу мен деректер

redaktor_qazyr

Вконтакте,телеграм бағдарламаларын жасаған программист Павел Дуров Францияда қамауға алынды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz